Әскери институттарға түсуге қойылатын талаптар жеңілдетілді

Талапкерлер психологиялық тестілеуден, медициналық және дене шынықтыру дайындығын тексерісінен өтеді

Админ
21/02/2024 - 22:59

Дереккөз: Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты

Дереккөз: Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты

Әскери институттарға түсу үшін ең минималды балл биылдан бастап төмендейді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Әскери білім департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2024 жылы әскери институттарға түсушілер үшін ҰБТ нәтижелері бойынша талапқа өзгерістер енгізілді. Ең төменгі балы 50 балл деңгейінде қалды. Бірақ өзгерістер пәндік жағына әсер етті.

Сонымен, бейіндік пәндер бойынша талаптар 7 баллда қалды, ал оқу және жазу сауаттылығы бойынша 5-тен 3 баллға дейін төмендеді. Ахметов бұлай жеңілдетудің себебін Білім және жоғары ғылым министрлігінің сұрақтар санын 5-ке азайтқанымен түсіндірді.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері бойынша, бейіндік пәндердің сұрақтары көбейіп, оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық бойынша сұрақтар саны 5-ке азайды.

«Айта кету керек, бұл ережелерде мерзімді әскер қатарындағы сарбаздарға оқуға емтихансыз және ҰБТ нәтижелерін есепке алмай түсу мүмкіндігі қарастырылған. Олардың квотасы жалпы жоспардың 25% құрайды», - деді Ахметов.

ҰБТ нәтижелерінен басқа, талапкерлер психологиялық тестілеуден, медициналық және дене шынықтыру дайындығы тексеруінен өтеді.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75