Олардың 27-сіне өткен жылдарда іздеу салынған
Алматыда «ІЗДЕУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы аясында 84 іздеудегі қылмыскер анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімет бойынша, Алматыда 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында «ІЗДЕСТІРУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.
«Нәтижесінде іздестіріліп жатқан 84 қылмыскер анықталды, олардың 27-сіне өткен жылдарда іздеу салынған. Мысалы, 8 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында Бостандық ауданы бойынша Қытай мен Сингапур азаматтарына қарақшылық жасағаны үшін іздеудегі адам ұсталды.
Сондай-ақ өлімге әкеліп соққан адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2010 жылдан бері іздеудегі адам ұсталды.
Сонымен қатар мегаполисте басқа өңірлерде іздестіріліп жатқан 22 қылмыскер ұсталды, 17 хабар-ошарсыз кеткен азамат анықталды», - делінген хабарламада.
Прокуратура іздестіріліп жатқан адамдар туралы ақпаратты +7- (727) -265-03-03, +7- (707) -415-72-29 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.