Жеке мәліметтердің таралуы: БЖЗҚ ақпаратты теріске шығарды

Қытайдың хакерлер тобы Қазақстанның маңызды нысандарын бақылауда ұстағаны хабарланған

Sarbaz.kz редакторы
21/02/2024 - 21:51

Фото: doczilla.pro

Фото: doczilla.pro

«БЖЗҚ» АҚ қазақстандықтардың дербес деректерінің БЖЗҚ дерекқорынан шығуы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдемеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

БЖЗҚ қауіпсіздік қызметі GitHub сайтында орналастырылған деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Нәтижесінде, жарияланған каталогта enpf.kz сайтының сипаттамасы ғана көрсетілгені анықталды. Бұл сайт ашық ақпарат көзі болып саналады және онда салымшылар мен алушылардың дербес деректері жоқ.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ киберқауіптерге қарсы тұру үшін заманауи жарақталған жүйені белсенді түрде қолданады. Бұл жүйе Қордың ақпараттық технологиялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі периметрін аса белсенді қорғау әдістерін қамтиды. БЖЗҚ осы саладағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, түрлі жағдайларға, ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдеріне уақытылы жауап беріп, қажетті шараларды қолдана алады.

БЖЗҚ нәтижелердің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін, салымшыларға олардың құпия деректерін толық қорғауға кепілдік беретін және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік талаптарды қатаң сақтайтын халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің халықаралық аудитінен үнемі өтіп тұрады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қытайдың хакерлер тобы Қазақстанның маңызды инфрақұрылымдарын екі жылдан бері бақылауда ұстағаны туралы хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 465.52  498.2  5.45