Жыл басынан бері 160-тан аса көлік өртенді

Мамандар аязды күндері көлік жылыту үшін ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салады

Sarbaz.kz редакторы
21/02/2024 - 20:40

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қыметі

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қыметі

Аязды күндері мұздаған көліктерді ашық отпен жылытуға тырысатындар аз емес. Салдарынан көлік өрті көбейіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар көлікті жылыту үшін ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салады. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 164 көлік өртенген.

«Автокөліктердегі өрттердің негізгі себептері - электр және отын жүйелерінің ақаулықтары. Уақыт өте келе сымдардың оқшаулауы жарылуы мүмкін және жанармай мен майдың ағуы өрт қаупін арттырады.

Сондай-ақ, ақауы бар механизмдерді ұзақ уақыт бойы пайдалану және әртүрлі қосымша электр жабдықтарды қосу, бөлшектердің қызып кету, содан кейін электр жүйесіндегі қысқа тұйықталуына әкеледі.

Сондықтан автокөліктер уақтылы техникалық жөндеуден өту қажет. Көлігіңізде әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіш болуы керек», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91