Әскери институттардың курсанттары оқудан неліктен шығарылады?

Бұл мәселе жоспарды бекіту кезінде-ақ қарастырылып қойған

Sarbaz.kz редакторы
21/02/2024 - 19:26

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери институттарда курсанттардың 10 пайызы оқу жылы ішінде оқудан шығарылады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Генерал-майордың айтуынша, курсанттардың жалпы санынан шамамен 10% оқудан шығарылады, алайда жоспарды бекіту кезінде осы мәселенің өзі қарастырылып қойған.

«Ең қиын кезең – оқудың алғашқы жылдары», - деді Ахметов.

Оқудан шығару мәселесі бірінші курстан кейін де болып жатады. Сонымен, шамамен 3-4 пайызы келесі жылы оқудан шығып қалады. Негізгі себеп – денсаулық мәселесі және отбасылық жағдайлар.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94