Ұлытау облысында әйел адам асырап алған балаларды бес жыл бойы құлдықта ұстаған
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау облысында асырап алған балаларды қамқорлығына ала тұрып, оларды бірнеше жыл құлдықта ұстаған әйелдің ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Бұл оқиғаға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды. Біріншісі – қамқоршылық құқығын асыра пайдалану, екіншісі – азаптау. Қылмыстық іс аясында барлық мәселе қарастырылады. Аталған баптарға сәйкес, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлытау облысында асырап алған балаларды бес жыл бойы құлдықта ұстаған әйел адам қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.