Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің отбасындағы әкенің рөліне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ал заң жобасы туралы баяндаманы депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова жасады.
«Заң жобасында әкенің, жалпы ер-азаматтың рөлін сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Бұл заң жобасы жалпы қазақстандық мүддені қорғайды. Яғни, ұлт-ұлыс деген жоқ. Бірақ біздің назардан шығармайтын бір мәселе бар. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын қазақ құрайды.
Осы отырған көбіміз «әкең келе жатыр», «осыдан әкең келсін», «әкең сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік. Осы тұрғыдан келгенде біз әкенің, ер-азаматтың рөлін көтеру үшін, бәлкім отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар?!» - деді депутат Ермұрат Бапи.