Дербес деректердің интернетте таралуы: ҰҚК тергеу жүргізеді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы хабарлама таратты

Sarbaz.kz редакторы
21/02/2024 - 16:19

Sputnik / Алексей Мальгавко

Sputnik / Алексей Мальгавко

Дербес деректердің таралуы бойынша интернет желісінде таратылған ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, алынған материалдарға талдау жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Талдау қорытындысы бойынша тиісті ұйымдарда Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік қазақстандықтарға шет мемлекеттердің онлайн-платформалары мен интернет ресурстарын пайдалану кезінде киберқауіпсіздік бойынша мынадай ұсынымдарды сақтауды сұрады:

  • Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз және әртүрлі аккаунттар үшін бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.
  • Құрылғылардағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда осал тұстарды түзету жиі кездеседі. Бұл сізді хакерлердің ықтимал шабуылдарынан қорғайды.
  • Күдікті хабарламаларға жауап бермеңіз және бейтаныс хабарлама жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызға зиянды бағдарламалардың орнатылуына алып келуі мүмкін.
  • Вирустардан және басқа да қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Бұл сіздің құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
  • Бейтаныс сайттар мен қолданбаларға жеке ақпаратыңызды ұсынудан сақтаныңыз. Жеке ақпаратыңызды бермес бұрын, сайттар мен қосымшалардың беделін тексеріңіз.
  • Өз аккаунтарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің аккаунтыңызға біреудің рұқсатсыз кіруінің алдын алуға көмектеседі.
  • Әлеуметтік желілерде және басқа онлайн қызметтерде құпиялылық параметрлерін тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыздың тек сіз берген адамдарға ғана қолжетімді екендігіне көз жеткізуге көмектеседі. 

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08