Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді
Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.
«Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған адам елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді», - делінген ҰҚК хабарламасында.