Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі үш күннен кейін табылды

Ол 29 шілде күні Құрық ауылының маңында балық аулау кезінде жоғалып кеткен

Sarbaz.kz редакторы
03/08/2023 - 21:16

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі үш күннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

1987 жылы туған ер адам 29 шілдеде Құрық ауылының маңында балық аулау кезінде жоғалып кеткен. Осы күннен бастап іздеу шаралары үздіксіз жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмысын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар және жоғалған адамның туыстары жүргізді. Сондай-ақ тікұшақ пен дрондар тартылды.

«1 тамызда жергілікті балықшылар жоғалған адамның мәйітін алып шықты», - делінген баспасөз мәліметінде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91