Навальныйдың анасы Путиннен ұлының денесін беруді талап етті

Людмила Навальная видеоүндеу жасады

Sarbaz.kz редакторы
20/02/2024 - 23:53

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Алексей Навальныйдың анасы Людмила Ресей президенті Владимир Путиннен ұлының денесін беруді талап етіп, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Дәл қазір арт жағымда 16 ақпан күні ұлым Алексей Навальный қайтыс болған ИК-3 «Полярный волк» колониясы тұр. Бес күннен бері ұлымның денесін бермей жатыр. Оның қайда екенін де айтпайды.

Владимир Путин, мен сізге жүгініп отырмын. Бұл мәселені сіз ғана шеше аласыз. Ұлымды ең соңғы рет көруімізге мүмкіндік беріңіз. Алексейдің денесін жер қойнына тапсыруымыз үшін тезірек беруді талап етемін», - деді Людмила Навальная.

Айта кетейік, 16 ақпан күні Ресейдің оппозиция жетекшісі Алексей Навальный түрмеде қайтыс болғаны хабарланды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91