Taurus 500 шақырым қашықтықтағы нысандарға соққы бере алады
Deutsche Presse-Agentur агенттігінің мәліметінше, басқарушы коалиция Киевке оқ-дәрілер, көлік құралдарын және қару-жарақ жүйелерін жеткізу туралы ұсыныс дайындады. Енді көмек пакеті бойынша дауыс беру осы аптада Бундестагта өтеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл пакетте Киевтің көптен бері сұраған Taurus қанатты зымырандары тікелей айтылмаған. Дегенмен басылым былай деп жазады:
«Украина Ресейдің стратегиялық маңызды нысандарына мақсатты шабуылдар жасауы үшін ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қосымша жүйелерін жеткізу мәселесі қарастырылған».
Taurus зымырандары бұл сипаттамаға сәйкес келеді, өйткені олар нысандарға 500 шақырым қашықтықтан соққы бере алады.
Айта кетерлігі, Франция мен Ұлыбритания өздерінің Scalp және Storm Shadow қанатты зымырандарын Украинаға берген. Бірақ олардың тиімділігі Taurus зымырандарынан төмендеу.