13 жастағы балалар есірткі бизнесіне тартылмақ болған

Есірткі сатуға арналған 3000-нан аса Telegram арна бұғатталды

Админ
20/02/2024 - 22:21

Фото: shutterstock

Фото: shutterstock

13 жастағы жасөспірімдер де есірткі бизнесіне тартылған болуы мүмкін. Бұл туралы «Есірткісіз болашақ» қорының басшысы Жандос Ақтаев мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қор жұмыс істей бастағаннан бері есірткі сату және жастарды тарту бойынша 3000-нан аса Telegram арна бұғатталған. 13 жастағы балалар есірткі бизнесіне тартылмақ болған. Қоғам белсенділері мұны дер кезінде байқап, тоқтатқан.

«Біздің қорда интернет-кеңістікті талдау, мониторингілеу және осы мазмұнды бұғаттау бойынша «Мерген» алгоритмі бар. Бұл қарқынды үдету жоспарымызда бар. Ғылым және жоғары білім министрлігі арқылы 1800-ден аса студент бұл індетпен күресуге өтініш берді. Олар оқу мен ғылымнан бөлек, қоғамдық денсаулық пен ұлттық қауіпсіздікке үлес қосуға ниетті. Бірақ бұл көрсеткіш аз. Біз 1 миллионнан да көп болуымыз керек», - деді белсенді қазақстандықтарға үндеу жасап.

Қоғам белсенділері жақын арада үш жобаны әзірлеп, ел аумағында пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр. Олар: кибер серіппе қосымшасы; адамдарға психологиялық көмек көрсету бойынша жасанды интеллект қосымшасы. Онда кәсіби психологтар азаматтарға көмек бере алады; Сонымен қатар азаматтар есірткі қылмыстары туралы хабарлай алатын digital-карта.

«Елімізде аймақтағы есірткі қылмысы бойынша алғашқы digital-карта құрылады. Оны азаматтардың өздері қалыптастырады. Мұндай карталар бар, бірақ олар ресми статистика бойынша қалыптасады. Әрбір тұрғын осы картаға нақты уақыт режимінде есірткі жағдайы туралы ақпаратты қоса алады», - деп нақтылады Жандос Ақтаев.

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17