Қостанай облысында жер үй өртеніп, бір адам қаза болды

Өрттің себебі анықталып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
20/02/2024 - 20:49

Фото: Қостанай облысы ТЖД

Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысында тұрғын үйде өрт болып, ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Денисовский ауданы Антоновка ауылында сағат 07:30 шамасында болған.

«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр болатын екі газ баллонын эвакуациялады.

Өртке қарсы қызмет мамандары жанып жатқан үй-жайда 1978 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Сағат 8:56-да өрт Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жойылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91