БҚО-да мүгедек жандарға бөлінген ондаған миллион теңге талан-таражға түскен

50 миллион теңгеден астам шығын анықталды

Sarbaz.kz редакторы
20/02/2024 - 19:10

Фото: Kazpravda.kz

Фото: Kazpravda.kz

Орал қаласының прокуратурасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бюджет қаражатының талан-таражға салғанын анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінген бюджеттен 50 миллион теңгеден астам шығынды анықтады.

«Бұл факт мүмкіндігі шектеулі адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді тексеру барысында анықталды.

Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші көрсетілген қызметтердің жалған актілерін сағат санын және көрсетілетін қызметті алушыларды асыра бағалау жолымен ұсынды, осылайша бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырды.

Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды», - делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4