Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, туристік жолды жауып тастады

Бірнеше сағатта 8 қар көшкіні жүрген

Sarbaz.kz редакторы
20/02/2024 - 18:52

Фото: «Қазселденқорғау»

Фото: «Қазселденқорғау»

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, Богданович мұздығына қатынайтын туристік жолды жауып тастады. Бұл туралы Sarbaz.kz «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, Алматының Кіші өзені бассейнінде 19 ақпан таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін сегіз қар көшкіні жүрген.

«Қар көшкіні салдарынан «Богданович» мұздығына қатынайтын туристік жолды, сондай-ақ Тұйық-су мұздығына апаратын трактор жолын қар басып қалды. Бұл учаскеде қыс мезгілінде жол жабық. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінен.

Белгілі болғандай, қар көшкінінің жалпы көлемі 20,4 мың текше метрге жеткен. Қауіпті аймақтардың алдына ескерту тақталары орнатылған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91