Төтенше жағдайлар министрі: Халықтың қауіпсіздігі үшін су қоймаларын салу керек

Министрдің айтуынша бұл ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселесін шешеді

Sarbaz.kz редакторы
20/02/2024 - 18:23

Көрнекі фото: Sputnik / Елена Бережная

Көрнекі фото: Sputnik / Елена Бережная

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында халықтың қауіпсіздігі үшін су қоймаларын салу мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрдің айтуынша биыл Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басу қаупін болдырмайтын Есіл су реттегішін салу жоспарланып отыр.

«Республика бойынша 40 су қоймасын салу керек. Бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде жазғы кезеңде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді.

Республика бойынша 900 автомобиль учаскесі және су басуға бейім алты жүзден астам теміржол учаскесі бар. Жолдарды жөндеу-қалпына келтіру кезінде автомобиль және темір жолдар астындағы су өткізгіш құрылыстардың салынуын көздеу қажет», - дейді ведомство басшысы.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41