Індет 14 жасқа дейінгі 30 баладан анықталды
Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан 18 ақпанға дейін қала тұрғындары арасында КВИ-дің зертханалық расталған 233 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 30 жағдай, жасөспірімдер – 6 жағдай, ересектер – 197 жағдай.
Тіркелген 233 жағдайдың ішінен: өздігінен қаралғандар – 202 жағдай (86,7%); профилактикалық мақсатта – 18 (7,7%); эпид көрсеткіштер бойынша – 13 жағдай (5,6 %).
Сондай-ақ жыл басынан бері КВИ жұқтырған адамдардың жас құрамы бойынша:
Жыл басынан бері 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% - жұмыссыздар, 15,0% - әртүрлі ЖШС - де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% - зейнеткерлер, 3,9% - студенттер.
Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын еске салды.
«Коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз жолы вакцинация екенін есте ұстаған жөн. КВИ-ді жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс маскаларын қолдану, адамдар көп жиналатын жерге барудан және температурасы жоғары науқастармен байланыста болудан бас тарту ұсынылады. Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, дымқыл тазалау, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтау керек (қолды жиі жуу, антисептиктерді қолдану және т.б.). Егер респираторлық аурулардың белгілері пайда болса, маска киіп, дереу медициналық көмекке жүгіну керек», - делінген ведомство хабарламасында.