Павлодар облысында балық аулауға шыққан адамның мәйіті табылды

Марқұмның денесі Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерде табылған

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 22:38

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

19 ақпан күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған азамат жоғалып кетті. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесін көрді.

Іздеу жұмысына құтқарушылар, кинологиялық қызмет, Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесі, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91