Мүгедек жандарға тиесілі 32 млн теңгені ұрлаған шенеунік сотталды

Ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдаланған

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 22:27

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

«Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ҚММ бұрынғы директоры 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін 29 қарт кісіге (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) тиесілі 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақы мен жәрдемақыны жымқыру фактісін ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті тергеді.

«Ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген агенттік хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91