Бір айда көлік жүргізген 12 бала қаза болды – ІІМ

Аға инспектор жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау керек екенін айтты

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 21:59

Фото: admugansk.ru

Фото: admugansk.ru

Қазақстанда бір айдың ішінде кәмелет жасына толмаған 15 бала немесе жасөспірім жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша ел аумағында 15 ақпаннан бастап «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Сіздің жолаушы – балаңыз!» атты акция да бар.

«Республика бойынша бір айдың ішінде 15 кәмелет жасына толмаған бала немесе жасөспірім жол апатынан мерт болды. Олардың 12-сі жолаушы рөлінде болды және ата-аналардың абайсыздығынан қаза тапты», - деді Ақтоты Боранова.

Өз сөзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аудару қажет екенін айтып өтті

«Әсіресе, ауа райы нашарлаған кезде, яғни жолдар қауіпті болған кезде мұқият болған жөн. Мен сіздерді әсіресе тәртіпті сақтауға және жол ережелерін құрметтеуге шақырамын. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз жолдарда қауіпсіз орта құра аламыз», - деді аға инспектор.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53