Астанада жиһаз цехы өртенді

Оқиға бүгін таңғы 8:44-те болған

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 16:28

Фото: Астана қаласы ТЖД

Фото: Астана қаласы ТЖД

Астанада жиһаз цехы қызыл жалынға оранды. Бұл туралы Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ТЖМ мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған.

«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы – 500 ш.м.», - деп хабарлады департаменттен.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41