Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза болды

Оқиға 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында болған

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 16:18

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Ақмола облысының Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 58 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді. Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91