АҚШ әскері хуситтерге зымыранмен шабуыл жасады

Америкалықтар хуситтер қозғалысына тиесілі су асты дронына алғаш рет тап болды

Sarbaz.kz редакторы
19/02/2024 - 15:01

Фото: ТАСС

Фото: ТАСС

Америкалық әскерилер Йеменнің хуситтер тобына тиесілі нысандарға шабуыл жасады. Бұл туралы АҚШ қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«Орталық қолбасшылық 17 ақпанда Йеменнің хуситтер тобының бақылауындағы аудандарда үш жылжымалы кемеге, бір пилотсыз сүңгуір қайыққа және бір ұшқышсыз жер үсті кемесіне қарсы өзін-өзі қорғау мақсатында бес соққы жасады», - делінген хабарламада.

Командалық мәлімдемеде Йеменнің солтүстігінде хуситтер қозғалысына тиесілі су асты дронына алғаш рет тап болғаны көрсетілген.

Айта кетейік, Йеменнің Қызыл теңіз жағалауының көп бөлігін бақылайтын хуситтер Таяу Шығыс қақтығысы күшейгеннен кейін Израильмен байланысты кемелерге шабуыл жасай бастады. Салдарынан Суэц каналы арқылы теңіз тасымалының күрт төмендеуіне әкелді.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04