Студенттер әскери медианың жұмысымен жан-жақты танысты
Болашақ журналистер әскери медианың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
"Әскери журналистика" әскери-есептік мамандығы бойынша оқу аясында Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының студенттері "Sarbaz.kz" интернет-порталының, "Сарбаз" әскери-патриоттық газеті мен "Айбын" журналының редакцияларында болып қайтты.
Бұл болашақ әскери журналистердің өміріндегі маңызды оқиға, себебі олардың кәсіби дамуына жаңа серпін береді. Студенттер әскери журналистиканың, оның ішінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дәстүрімен таныса алды.
Тәжірибелі журналистер мен редакторлар өткізген дәріс студенттерге өткен атмосфераға еніп, алғашқы әскери басылымдардың пайда болуымен бірге қандай қиындықтар мен жеңістер болғанын білуге мүмкіндік берді. Редакторлардың жұмысына және әскери баспасөз құрылымына ерекше назар аударылды.
Студенттер сонымен қатар басылымдардың мазмұны қалай қалыптасатынын, материалдарды таңдау қалай жүретінін және идеялар мен тұжырымдамалар қалай жүзеге асатынын білді.
"ГИС Әскери Медиа" ЖШС директоры Бауыржан Мұқанов және директордың баспа БАҚ бойынша бірінші орынбасары Тимур Кубековпен өткен кездесуде студенттер көптеген сұрақтар қойып, әскери-патриоттық тақырыптағы жұмыстың қыр-сырымен таныса алды.
Авторы: Әйгерім Жұмаділова