Германия Қорғаныс министрі: Ресеймен қарсыластық онжылдықтарға созылады

Оның айтуынша, жалпы еуропалық қауіпсіздік архитектурасы Кремльдің Шығыс және Орталық Еуропада үстемдігін қалпына келтіруге деген ұмтылысына тап болды

Админ
18/02/2024 - 18:47

Matthias Schrader/AP/picture alliance

Matthias Schrader/AP/picture alliance

Германияның батыс одақтастары Ресеймен ұзақ жылдар бойы қарсыласуға дайын болуы керек. Бұл пікірді Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы (MSC) аясында айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, алдағы онжылдықтарда біз Еуропада бөлініп өмір сүруіміз керек. Мәселен бір жақта еркін және демократиялық Еуропа, екінші жақта авторитарлық және соғысқұмар Ресей, - деді Германия Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Жалпы еуропалық қауіпсіздік архитектурасының қалыптасуы сәтсіз болды, өйткені Кремль Шығыс және Орталық Еуропадағы үстемдігін қалпына келтіргісі келді, деп түсіндірді Писториус.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91