Израиль ХАМАС күштерін жою мақсатында Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуыл жасамақ
Бұл қалада көптеген палестиналық босқындар жиналған. Израильдің жоспарлары әлемдік көшбасшыларды алаңдатып отыр,
Израиль радикалды ХАМАС қозғалысын жою мақсатында Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Рафах қаласына шабуыл жасаудан бас тартпайды.
Біздің Рафахтағы операциямызға кедергі жасағысы келетіндер бізге "соғыста жеңіліңдер" дегісі келеді, – дейді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Шабуыл "бейбіт тұрғындарға соғыс аймағынан қауіпсіз жерге көшуге мүмкіндік бергеннен кейін" басталады, деп түсіндірді Израиль министрлер кабинетінің басшысы.
Сонымен қатар, Нетаньяху Египет пен Катардың делдалдығымен ұйымдастырылған содырлармен келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығын атап өтті.
Израиль тарапы "ХАМАС-тың алдамшы талаптарынан басқа ештеңе алған жоқ", - деді Үкімет басшысы.
Норвегияның босқындар кеңесінің басшысы Ян Эгеландтың айтуынша, бұл елді мекенге көшіп келгендерге азық-түлік пен ауыз су жетпей жатыр. Бірқатар еуропалық және әлемдік саяси қайраткерлер Израильдің жоспарына қатысты Рафахтағы бейбіт тұрғындардың тағдырына алаңдаушылық білдірді.