Ұлыбритания мен Германиядан кейін Франция да Украинамен қауіпсіздік туралы келісім жасады

Админ
17/02/2024 - 17:03

Thibault Camus/AP Photo/picture alliance

Thibault Camus/AP Photo/picture alliance

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдігі туралы құжатқа қол қойды. Сонымен қатар Париж Киевке қосымша әскери көмек беруге уәде етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский Париждегі Елисей сарайында кездесті, Қауіпсіздік кепілдіктері туралы екіжақты келісімге қол қойды. Сонымен қатар Франция Украинаға қосымша қару-жарақ пен Ресей агрессиясына қарсы қорғанысқа көмектесуге уәде берді.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін Макрон "Франция Украинаны ұзақ мерзімді перспективада қолдайды" деп сендірді. Өз кезегінде Зеленский қол қойылған Келісімді "болашағы зор және нақты" деп атады. Франция қазірдің өзінде Украинаға зымырандар, артиллерия және әуе қорғанысы жүйелерін жеткізуде өте үлкен көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Биылдың өзінде Украина Франциядан 3 миллиард еуроға дейін әскери көмек алғанын айта кетейік. Ал 2023 жылы Францияның әскери көмегі 2,1 миллиард еуроға, 2022 жылы 1,7 миллиард еуроға бағаланды.

Бір күн бұрын Зеленскиймен дәл осындай келісімге Германия канцлері Олаф Шольц Берлинде қол қойған болатын. Келісім Украина НАТО-ның толық мүшесі болғанға дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Бұған дейін, 12 қаңтарда Қауіпсіздік туралы келісімге Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак та қол қойған еді. Ұлыбритания G7  қатысушы елдер қабылдаған декларацияға сәйкес Украинамен осындай келісімге қол қойған алғашқы мемлекет болды. Оған сәйкес G7 елдерінің әрқайсысы Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруге міндеттеме алды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91