Украина әскері Авдеевка қаласынан шегінді

Ресей әскері бұл қалаға ауқымды шабуылды 2023 жылдың күзінде бастады

Админ
17/02/2024 - 16:04

Radio Free Europe/Radio Liberty/Serhii Nuzhnenko via REUTERS

Radio Free Europe/Radio Liberty/Serhii Nuzhnenko via REUTERS

Украина Қарулы күштері (УҚК) Авдеевка қаласынан шығатынын УҚК Бас қолбасшысы Александр Сырский мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Авдеевка төңірегінде қалыптасқан жедел жағдайға сүйене отырып, әскерді қоршаудан аман алып қалу және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін біздің бөлімшелерді қаладан шығарып, тиімді шекараларда қорғанысқа көшу туралы шешім қабылдады, – дейді Бас қолбасшы.

Айта кетейік, кеше түстен кейін әлеуметтік желіде Авдеевка қаласының орталығында ресейліктердің ту көтерген видеосы тарады. Соңғы кездері қала маңында кескілескен шайқастар болды, Украина сарбаздары қираған позициялардан кетіп, жаңаларына қоныстануға тырысты.

Ресей әскері 2022 жылдың ақпанында шабуыл басталғаннан бері Авдеевканы басып алуға бірнеше рет тырысты. Сөйтіп бұл қалаға ауқымды шабуыл 2023 жылдың күзінен бастап жүргізілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17