Әскерилер қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқаруға көмектесті

Абай облысындағы адамдарды құтқаруға Қарулы күштердің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды

Админ
17/02/2024 - 15:34

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өтініші бойынша Қорғаныс министрлігі қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларды құтқару үшін жеке құрам, арнайы және авиациялық техника бөлді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Көкпекті ауданындағы тас жолда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған азаматтарға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері көмекке келді. 

Құтқару жұмыстарына Семей қаласындағы авиабазаның екі Ми-17 тікұшағы, алты бірлік техника (көп мақсатты сүйрегіш, КамАЗ және байланысты ұйымдастыру үшін – командалық-штабтық машина) жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта тікұшақтармен 44 адам эвакуацияланды. Боранда техниканың көмегімен 30 азамат, оның ішінде бес бала құтқарылды. Зардап шеккендерді Қалбатау ауылына жеткізіп, уақытша жылыту пунктіне орналастырды. 

Ұйтқи соққан жел, айналаның көрінбеуі және аяз авиацияның ұшуын қиындатуда. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41