Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды

Ол серуендеп келгеннен кейін өзін нашар сезініп отырғанын айтып есінен танып қалған

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 23:37

Фото: slovoidilo.ua

Фото: slovoidilo.ua

Ресейде оппозиция жетекшісі Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Алексей Навальный колонияда көз жұмған. Өзге мәліметтер анықталып жатыр.

«Сотталған А.А.Навальный серуендеп келгеннен кейін өзін нашар сезініп отырғанын айтып есінен танып қалған. Мекеменің медицина қызметкерлері, жедел медициналық бригада дереу жеткен. Барлық қажет реанимациялық шаралар жүргізілді. Бірақ нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16