ISW: Ресей Молдова мен НАТО елдеріне гибридті соғыс ашады

Болашақта бұл агрессиясын ақтап алу үшін қажет

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 22:26

Фото: Euronews

Фото: Euronews

АҚШ-тың соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей Молдованы тұрақсыздандыруға және НАТО-мен қақтығысу үшін «ақпараттық фон дайындап жатқанын» мәлімдеді. Өз кезегінде, Эстонияның барлау қызметі Ресей әскери күшін Финляндиямен шекараға жинап жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымға мүше елдердің ешқайсысына әскери шабуыл жасау қаупі жоқ екенін, алайда гибридті шабуылдардың қаупі бар екенін атап өтті.

ISW сарапшылары Кремль қайраткерлерінің, оның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің Молдаваға, сондай-ақ Балтық, Дания және Финляндия елдеріне ықтимал гибридті шабуылдарын ақтап алу үшін ақпараттық негіз құрып жатқанын байқады.

Вашингтон орталығының сарапшылары өзінің соңғы есебінде былай деген: Кремль Молдаваға қарсы ақпараттық операциялар жүргізеді, бұл Ресей билігінің 2014 және 2022 жылдары Украинаға басып кірмес бұрын қолданған операцияларына өте ұқсас. Болашақта бұл Молдаваға жасаған агрессиясын ақтау үшін қажет.

Агенттіктің хабарлауынша, Ресей ықтимал гибридті операциясын қашан бастайтыны түсініксіз, алайда Кремль оны тезірек жүзеге асыру үшін ақпараттық фон дайындап жатыр.

Осыған дейін Эстонияның сыртқы барлау қызметі Ресей Қарулы Күштерінің қайта құрылуы мен кеңеюі Финляндия бағытында әскери жағдайды күшейтуге және НАТО-ның басқа мүшелерімен ықтимал қарсыласу позицияларын нығайтуға бағытталған деп мәлімдеді.

Сол сияқты Эстонияның барлау қызметі Ресей әскери күштері Финляндия мен НАТО-ға қысымды күшейту үшін Ленинград пен Мәскеу әскери округтерін құрып, Балтық аймағында «өз бөлімшелерін ішінара нығайтуға» тырысып жатқанын хабарлады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91