Украина күштері қаланың басым бөлігінен шығып кетті
Ресей Украинаның Донецк облысындағы Авдеевка қаласын басып алуға шақ қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Украина армиясының Авдеевка жерінен шыққаны туралы ресми жарияланған жоқ. Бірақ аталмыш дереккөздің мәліметінше, әскери көмектің негізгі жеткізу жолын кесіп тастағаннан кейін Украина күштері қаланың басым бөлігінен кетіп бара жатыр және олардың кейбірі қоршауда қалған.
«Авдеевкада ауыр күндер басталды. Біздің горнизон тек 9-шы кварталда ғана қалды. Ал қалған бөліктерден шығып кетті. Ары қарайғы жағдай түсінікті деп ойлаймын», - деп жазды Украинаның әскери журналисі Богдан Мирошников.