Қазақстанда заңсыз жүрген ондаған шетелдік елден шығарылды

Олардың елімізде тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 21:34

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметінен алынды

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметінен алынды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау. Осы мақсатта Қазақстан аумағында 183 күннен артық болған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталып, олардың елімізде тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және осы сынды төлемдер мен жеңілдіктерді алу мүмкіндігінен айырылды.

«Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады», - делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91