Тамағына пышақ тақаған: Алматы облысында балаларды ұрған адам қолға түсті

Күдікті қазір уақытша қамауға алынды

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 19:13

Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Алматы облысында балаларға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бауыржан Әленовтің айтуынша, Жамбыл ауданында балаларға шабуыл жасаған күдікті уақытша қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қамауға алу операциясы Алматы облысының Қарасай ауданында өткен. Тергеу барысы жеке бақылауымда», - деді Бауыржан Әленов.

Айта кетейік, Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам бөтен біреудің үйіне басып кіріп, ондағы кішкентай балаларға күш көрсеткен. Оларды ұрып, тамағына пышақ тақап қорқытқан.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44