Қазақстандық әскерилер БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне барды

БҰҰ Хатшылығының құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс кездесулері өтті

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 18:33

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бастаған Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде болды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық делегация мүшелері БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесті. Тараптар бітімгерлікті дамыту мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында бітімгерлік контингентті Голан жоталарының аумағында «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

– Қазақстан үшін бұл тарихи қадам. Егер бұрын біздің бітімгерлік контингентіміз басқа елдер бөлімшелерінің құрамында қызмет атқарса, енді бұл дербес миссия болмақ. Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін одан әрі арттыру және нығайту мәселелерін талқылау үшін БҰҰ Хатшылығының құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс кездесулері өтті.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04