Екібастұздың жылу электр станциясын жөндеу барысында 1 млрд теңге жымқырылған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
16/02/2024 - 16:01

Фото: gres2.kz

Фото: gres2.kz

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылдың 27 қарашасы күні Екібастұздың жылу желісінде апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91