Олардың ішінде кәмелетке толмаған 52 бала бар
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде (ҚАЖ) Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында қанша адам жазасын өтеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚАЖ мәліметі бойынша, Қазақстанда 63 пенитенциарлық мекеме және 17 тергеу изоляторы жұмыс істейді.
«Қазіргі уақытта оларда 29 мыңға жуық ер адам, 2 мың әйел, сондай-ақ 52 кәмелетке толмаған бала жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлады ведомство.
Көбінесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ алаяқтық сияқты қылмыстар үшін жазалары өтеледі.
Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны 28 мыңға жуық ер адам, 3,5 мың әйел және 143 кәмелетке толмаған адам өтеп жатыр.
Алматы облысындағы №10 әйелдер мекемесі жанынан әйелдер мен олардың балаларының бірге тұруына арналған балалар үйі ұйымдастырылды. Онда топтарға бөлінген 44 бала бар: нәресте, еңбектейтін және одан ересектеу.