Трамп 2023 жылы Украинадағы соғысты бір күнде тоқтатуға мүмкіндігі бар екенін айтқан
Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украина мен Ресейді бейбіт келіссөздерге мәжбүрлеп келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, саясаткер бейбіт келіссөздер ұйымдастырғысы келеді, оған Владимир Зеленский мен Владимир Путин қатысуы керек. Мәжбүрлеу үшін ол Украинаға әскери көмекті қысқарту арқылы Зеленскийге қысым жасай алады, ал Путинге – жаңа санкциялар арқылы.
Айта кету керек, 2023 жылдың шілдесінде Трамп Украинадағы соғысты бір күнде тоқтатуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеген.
«Зеленскийді өте жақсы білемін, Путинді де жақсы танимын, тіпті одан да жақсы. Екеуімен де жақсы қарым-қатынаста болдым. Зеленскийге келісім жасауыңыз керек деп айтар едім. Ал Путинге келісім жасамасаңыз, біз Зеленскийге көмек береміз, қажет болса, Украинаға бұрынғыдан да көп береміз деймін. Мен бір-ақ күнде мәміле жасайтын едім», - деді Трамп.
Трамп сонымен қатар НАТО-ға реформа қажет деп санайды. Кез-келген мүшені ұжымдық қорғау туралы бесінші бап тек қорғаныс шығындарының жоспарын орындайтындарға ғана қатысты болуы керек. Жоспар бойынша НАТО мүшелері ЖІӨ-нің кем дегенде 2%-ын қорғаныс саласына жұмсауы керек. Алайда, әзірге 28 елдің тек 9-ы ғана осы ережені сақтайды. Олар: Грекия (3,76%), АҚШ (3,47%), Польша (2,42%), Литва (2,36%), Эстония (2,34%), Ұлыбритания (2,12%), Латвия (2,1%), Хорватия (2,03%) және Словакия (2%).
Солтүстік Каролинадағы сайлау науқаны кезінде Трамп АҚШ пен Еуропа елдерінің бюджеттерін салыстыра отырып, НАТО елдерінің қорғаныс бюджеттеріне наразылығын білдірді. Трамп сонымен бірге аты аталмаған бір елдің көшбасшысымен болған диалогты келтірді:
«Бір елдің президенті былай деп сұрақ қойды: «егер біз ешнәрсе төлемесек, бірақ Ресей шабуыл жасаған жағдайда, бізді қорғайсыз ба?». Мен қорғамас едік деп жауап бердім. Қарғыс атқыр, Ресейге ойыңа не келсе, соны жаса дер едім. Әрнәрсенің өз ақысы бар», - деді Трамп.