Оралда студенттерден құралған қылмыстық топ ұсталды

Олар ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Sarbaz.kz редакторы
15/02/2024 - 22:58

Орал қаласында 4 студенттен тұратын қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттеріне алаяқтық әрекеттер жасап, тонаушылыққа барып, ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр.

«Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, олардың колледж студенттері екені белгілі болды. Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы қылмыстық топтан зардап шеккендер болса, полицияға хабарласу керек», - деп хабарлады ведомстводан.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91