АҚШ мемхатшысының ата-бабасы Ресейде туып-өскен бе?

Владимир Путин архивте мәліметтер бар екенін айтты

Sarbaz.kz редакторы
15/02/2024 - 22:25

Фото: AP

Фото: AP

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың мемхатшысы Энтони Блинкеннің ата-бабасының тарихы туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«Біздің архивімізде Блинкен мырзаның ата-бабасы Ресей империясынан кеткені туралы мәлімет бар. Қателеспесем, Полтава губерниясында туып, Киевте өмір сүріп, ары қарай кеткен. Осыдан кейін мынандай сұрақ туындайды. Блинкен мырза Киев пен оған жақын аумақтар Ресейдің байырғы жері деп есептей ме? Егер ол еврейлер ойран салғаннан кейін Ресейден қашқанын айтқан болса, 1904 жылы Украина деген елдің мүлдем... Дәлірек айтқанда, оның ата-бабасы Киевтен АҚШ-қа қарай қашқан. Ол Ресейден қашқанын айтқан болса, 1904 жылы Украина деген ел мүлдем болмаған. Демек, Блинкен – біздің адам», - деді ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41