Ресей Украинаның әскери және байланыс нысандарына соққы беріп жатыр

Киевте жарылыс болды

Sarbaz.kz редакторы
15/02/2024 - 20:47

Фото: Украинаның қорғаныс министрлігі

Фото: Украинаның қорғаныс министрлігі

Ресей әскерилері Украинаның энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы беріп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның астанасы Киевте жарылыс болды. Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко Telegram каналында жазды.

«Әуе қорғанысы жұмыс істейді. Ешқайда шықпаңыздар», - деп жазды Виталий Кличко.

Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс Львов, Днепропетровск және Киевтің бақылауындағы Запорожье қалаларында да болған.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталғанына екі жылға уақыт болды. Бүгінге дейін Ресей 8800 әскери техникасынан айырылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91