Теміртаудағы жарылыс: зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды

Теміртауда дүкенде газ жарылып, бір адам қаза болды

Sarbaz.kz редакторы
15/02/2024 - 20:18

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Теміртау қаласындағы дүкенде газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әртүрлі дене бөлшегінде термиялық күйіктері бар науқас ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақаттық шок тіркелген. Науқас есін біледі. Қазіргі уақытта диагностикалық шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін таңғы сағат 8:06-да Теміртаудағы екі қабатты дүкенде газ жарылды. Құтқарушылар үйінділердің астынан 1973 жылы туған әйелдің денесін алып шықты. Белгілі болғандай, марқұм дүкен сатушысы болған. Ал екінші зардап шеккен әйелдің сауда жасауға келген қала тұрғыны екені анықталды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91