Владимир Путин АҚШ-тың саясатын сынға алды
Ресей үшін АҚШ-тың қай президентімен жұмыс істеген тиімді болды? Қазіргі президент Джо Байден бе? Әлде бұрынғы президенті Дональд Трамп па? Ресей президенті Владимир Путин «Россия 1» телеарнасының тілшісі Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты. Ол сол сияқты АҚШ-тың қазіргі саясатын сынға алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Байден. Ол тәжірибелі адам. Болжам жасай алады. Мықты саясаткер», - деді Путин.
Сонымен бірге Путин Байденнің денсаулығына қатысты түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін, өйткені ол дәрігер емес екенін атап өтті.
Ресей басшысы АҚШ президентінің денсаулығы туралы қозғай отырып, Ақ үй иесінің қабілетсіздігі туралы үш жыл бұрын Женевада кездескен кезде айтылғанын еске салды, бірақ ол ондай кемшілікті көрмегенін айтты.
«Иә, ол өз қағазына үңілді, мен өзімдікіне. Онда тұрған ешнәрсе жоқ», - деді Путин.
Ол Ресейдің Америка халқы сенім артқан АҚШ-тың кез келген басшысымен жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен бірге, Путин Ақ үйдің қазіргі ұстанымын дұрыс емес деп атады.
«Біз бұған қарамауымыз керек (Байденнің денсаулығы туралы). Саяси ұстанымына мән беруіміз керек. Менің ойымша, бүгінгі әкімшіліктің ұстанымы дұрыс емес. Мен уақытында бұл туралы президент Байденге айтқанмын», - деді ол.