Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды

Sarbaz.kz редакторы
15/02/2024 - 18:34

Фото: Harry How

Фото: Harry How

Әлемге танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша 14 ақпан күні Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

«ҰОК президенті лауазымына федерациялар Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды. Енді ҰОК вице-президенттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.

Олар сондай-ақ дауыс беру арқылы жаңа президенттің атын және атқару комитетінің жаңа құрамын анықтайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91