Оқиға бүгін таңғы 08:06 шамасында болды
Теміртауда дүкенде болған жарылыстан кейін қиранды астынан бір адамның денесі табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сағат 09.49-да. үйіндінің астынан өмір белгілері жоқ әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін таңғы 08:06 шамасында Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылған. Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды.
Үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған. Екінші зардап шеккен әйел — сауда жасауға келген қала тұрғыны.