Тағы алты ай үйқамақта өткізеді
Париждің апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді 2012 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін алты айға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Саркозиге 2021 жылы алғаш рет айып тағылған кезде бір жылға жаза берілген, бірақ бұл жаза апелляциялық шағымды қарау кезінде тоқтатылды.
Апелляциялық сот үкімді растады, бірақ бұрынғы президентке тағайындалған жаза – темір тордың ар жағында алты ай өткізеді, ал мерзімінің екінші жартысын үйде, яғни электронды білезікпен өтейді.
Айта кетейік, Николя Саркозидің партиясы Bygmalion PR фирмасымен жұмыс істеп, 2012 жылы қайта сайлануға жұмсалған шығынды жасырған деген айыпқа ілікті.
Саркози сот шешімімен келіспей, аппеляцияға берген.
Прокурордың айтуынша, Саркози 2012 жылғы сайлау науқанына шамамен 43 миллион еуро жұмсаған. Бұл рұқсат етілген 22,5 миллион еуродан екі есеге артық.
Францияда сайлау науқанының шығындарына қатаң шектеулер қойылған.