Құтқарушылар үйіндіні бөлшектеп жатыр
Бүгін таңғы 08:06 шамасында Теміртау қаласының Ватутин көшесінде екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жарылыстан дүкен қирап, өртенген. Тексеру барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды. Қазір үйіндіні бөлшектеп жатыр.
«Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына барды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Сағат 8:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар.