Газа секторында қаза болғандар саны 28,5 мыңнан асты

70 мыңға жуық палестиналық жараланды

Sarbaz.kz редакторы
14/02/2024 - 23:15

Фото: Israel Defense Forces

Фото: Israel Defense Forces

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқан палестиналықтар саны 28 576 мыңға жетті. Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль агрессиясының құрбан болғандар саны 28 576-ға жетті, 68 291 адам жарақат алды», - делінген Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасында қарулы қақтығыс өткен жылдың 7 қазаны күні басталды. Қазіргі уақытта Израиль әскері ХАМАС қозғалысын жою үшін Рафах қаласын шабуылдап жатыр.

Қазақстан Палестинаға алғашқыда 1 млн доллар көлемінде көмек берген болатын. Кейінірек қосымша 38 тоннадан аса гуманитарлық көмек жіберілетіні хабарланған. Сол сияқты Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар отбасыларымен бірге Алматыға жеткізілген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41