Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген ондаған шетелдік ұсталды

Олардың 20-сында жеке басын куәландыратын құжаты болмаған

Sarbaz.kz редакторы
14/02/2024 - 22:59

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген 35 шетелдік анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кезекті рейд барысында қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз келушілер көп шоғырланған жерлерді тексерді.

Бостандық ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 35 шетелдік анықталды. Олардың 20-сының жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.

Ал Әуезов ауданында қонақүй кешендері тексерілді. Ол жерде интимдік қызмет көрсететін 5 шетелдік әйел анықталды. Олар – Орталық Азия елдерінің азаматтары. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілетін болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91